16 қар, 2020 сағат 07:21

Елімізде 9 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

Елімізде қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 9 162 адам емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Олардың арасында 458 бала бар. Стационарларда 3 041 науқас жатыр. 6 121 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 217 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 22 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.