27 там, 2020 сағат 08:50

Елімізде 8 976 адам коронавирусқа қарсы ем қабылдап жатыр

Қазақстанда осы кезде коронавирустық инфекциядан 8 976 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, ем алып жатқанардың арасында 38 сәби бар. Стационарларда 4 548 науқас жатыр, 4 428 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

«Жалпы науқастардың арасында 267 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 47 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағалануда. 50 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.