06 там, 2021 сағат 10:17

Елімізде 4,2 млн адам вакцинаны толық алды


Қазақстанда вакцинаның екі компонентін толық алғандар саны 4,2 млн-нан асты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«6 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен - 5 634 981, II компонентпен 4 231 104 адам вакцина салдырды», делінген хабарламада. 

Вакцина салудырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы қатарда – 756 мың адам 1 компоненті, 585 мың адам 2 компононетті салдырған. Ал одан кейінгі орында Түркістан облысы – 610 мың адам екпенің 1 компонентін егілсе, 443 адам 2 компонентті алған.