18 мау, 2020 сағат 17:00

Елімізде 2 мыңға жуық медицина қызметкері коронавирус жұқтырып алды

Елімізде 2 мыңға жуық медицина қызметкері коронавирус жұқтырып алды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Коронавирус инфекциясымен ауырғандардың арасында медицина қызметкерлерінің үлесі 12 пайызды құрайды. Нақты айтқанда 1904 медицина қызметкері ауырып қалды. Олардың 30 пайызы вирусты жұмыс барысында жұқтырған», - деді Ләззат Ақтаева Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай. 

Айта кетейік, еліміздің бас дәрігері Елжан Біртанов та вирус жұқтырып алды. Бұл жайында Денсаулық сақтау министрінің өзі Facebook-парақшасында коронавирус жазған еді. 

Министр 12 маусымда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапар жасағанда бірге болған Осыған байланысты Үкімет басшысы оқшаулануға мәжбүр болып отыр. Әріптестерімен бірге Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пен ҚР Экология, геология және табиғи ресустар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өз үйлерінде оқшауланды.