14 жел, 2021 сағат 10:21

Елімізде 136 мың адам ревакцинация жасатты


Елімізде 136 мың адам ревакцинация жасатты. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау жалғасуда. 1-компонентпен 8,8 млн-нан астам адам егілді. Егілуге тиісті ересек халықты қамту 77,8 пайызын құрады. Егілуге тиісті ересек тұрғындардың 72,9 пайызын қамти отырып, екінші компонентпен 8,3 млн-нан астам адам егілді», - деді министр. 

Оның атап өтуінше, ел халқын бірінші компонентпен қамту 47,6, екінші компонентпен қамту 43,8 пайызды құрады.

«Ревакцинацияны 136 мың Қазақстан азаматы алды», - деді Алексей Цой.