Қазақстанда тағы 294 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 140, Шымкент қаласында - 12, Батыс Қазақстан облысында - 4, Шығыс Қазақстан облысында - 4, Алматы облысында - 24, Ақтөбе облысында - 23, Маңғыстау облысында - 9, Қарағанды облысында - 61, Қызылорда облысында - 13, Павлодар облысында - 2, Түркістан облысында 2 адам дертінен айыққан.
Осылайша, Қазақстан бойынша жазылғандар саны 11514-ке жетіп отыр:
Нұр-Сұлтан қаласы – 2501 Алматы қаласы – 2177 Шымкент қаласы – 611 Ақмола облысы – 171 Ақтөбе облысы – 357 Алматы облысы – 521 Атырау облысы – 1141 Шығыс Қазақстан облысы – 169 Жамбыл облысы – 402 Батыс Қазақстан облысы – 826 Қарағанды облысы – 951 Қостанай облысы – 197 Қызылорда облысы – 528 Маңғыстау облысы – 327 Павлодар облысы – 266 Солтүстік Қазақстан облысы – 59 Түркістан облысы – 310