26 шіл, 2021 сағат 18:15

Елге уақытша әкелінген көліктер 30 қыркүйекке дейін шығарылуы керек - комитет


Қазақстанға уақытша әкелінген автокөліктердің иелері оларды 30 қыркүйекке дейін шығаруы керек, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл мерзім Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына шетел яғни үшінші мемлекеттерден жеке тұлғалар өз қажеттілігі үшін уақытша әкелген автомобильдер мен басқа да көлік құралдарына қатысты. 

«Аталған мерзім Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 25 шешімімде көрсетілген. Бұл шешім одақтың кеден аумағында болу уақытының пандемияға байланысты 18 айға ұзартылған мерзімін тоқтатты. Осыған дейін одаққа тұрақты тұру үшін көшіп келген шет ел азаматтарының, босқындардың, мәжбүрлі түрде көшіп келушілердің одақтың кеден аумағына баж алымынсыз жеке мүлігінін алып келуге қатысты жеңілдік болған», делінген хабарламада.

Комитеттің түсіндіруінше, көлік 30 қыркүйекке дейін әкетілмеген жағдайда кеден төлемдері мен салық толық көлемде төленуі тиіс.