23 қар, 2020 сағат 23:02

Елеусінов чемпиондық белдікке таласатын жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов өзінің титул үшін сынға түсетін жекпе-жегі туралы хабарлады, деп жазады Sports.kz.

Жерлесіміз намибиялық боксшымен рингке шықпақ. 

Данияр Елеусінов өзі Instagram парақшасында бірнеше сурет және видео жариялады. 

IBF Inter-Continental чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жек 28 қараша күні таңертең өтпек. 

Қазақстанда бұл кездесуді «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Трансляция астана уақытымен 06:00-де басталады. 

Айта кетейік, Данияр соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізіп, 5-раундта америкалық Алан Санчесті (20-5-1, 10 КО) техникалық нокаутпен жеңген еді.