07 мау, 2021 сағат 19:14

Рыбакина жұптық сында да Ролан Гарростың ширек финалына шықты


Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге үшінші айналымда Франция ашық чемпионатының 3-ракеткалары, америкалық Николь Меличар – нидерландылық Деми Схюрспен күш сынасты.

Бірінші партия барысында америкалық-жұп 4:3 есебімен алға кеткенімен, бұдан кейін Е.Рыбакина мен А.Павлюченкова брейк жасап, таразы басын теңестірді. Сосын сетті тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:4. 

Екінші сетте есеп 3:2 болған мезетте қазақстандық-ресейлік жұп брейк жасай алды – 4:2. Ақыры Елена Рыбакина матчқа допты жақсы берді – 6:3.

Бәсеке 1 сағат 20 минутқа созылды. 

Қазақстандық-ресейлік жұп жартылай финалға өту үшін Польша өкілі Магда Линетт – америкалық Бернарда Перамен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ ертең Е.Рыбакина мен А.Павлюченкова жекелей сында «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына шығу үшін таласатын болады.