Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 56-ракеткасы, 2019 жылғы US Open чемпионы, канадалық Бьянка Андреескумен кездесті.
Рыбакина бірінші партияда 6:4 есебімен басым түсті.
Екінші сетте тай-брейкте матчболын сәтті пайдалана білді – 7:6 (7:5).
Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсекеде Елена 4 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жібермеді.
Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 52-ракеткасы, қытайлық Синвэнь Женмен таласқа түспек. Ол бельгиялық Гретье Минненді жолдан тайдырды – 6:4, 6:1.