11 шіл, 2024 сағат 15:00

Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінің жартылай финалына шықты


Фото:Olympic.kz

Теннистен Қазақстан командасының көшбасшысы Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінің жартылай финалына шықты, деп жазады Olympic.kz.

Ширек финалда Рыбакина украиналық Элина Свитолинаны сенімді түрде жеңді.
Рыбакина екі сет қорытындысы бойынша 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетелік, 2022 жылы Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінде топ жарған болатын.