09 шіл, 2024 сағат 11:53

Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінің ширек финалына шықты


Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz

Лондондағы турнирдің 1/8 айналымында Рыбакина ресейлік Анна Калинскаямен кездескен болатын. 

Бірінші сетте 6:3 есебімен Елена жеңді.  Екінші сетте Рыбакина 3:0 есебімен ұтып жатқан. Алайда, Калинская жарақатына байлансты кездесуді жалғастыра алмады.