Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина азаматтығына қатысты сұраққа ашық жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Баспасөз конференциясы барысында журналистер спортшыны Уимблдон турниріндегі тарихи жеңісімен құттықтап, азаматтығы туралы мәселеге нүкте қоюын сұрады.
Елена Рыбакина құжаттарын көрсетті.
"Әрине, төлқұжатым бар. Бүгін таңертең премьер-министрмен кездестім. Сондықтан міне, барлық дәлел", - деді спортшы.
Еске салайық, жақында қазақстандық теннисші Уимблдон турнирінде тарихи жеңіске жетті. Ол әлемнің екінші ракеткасы, тунистік Онс Жаберден басым түсті.
Беделді турнирдегі жеңісі үшін 23 жастағы Рыбакина екі миллион фунт, яғни 1 миллиардтан аса теңге алады.
1576 рет оқылды