Елена Рыбакина ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" БОРТ №1 Telegram каналына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК спортшы-нұсқаушысы Елена Андреевна Рыбакина ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды" - делінген Жарлық мәтінінде.
Айта кетейік, 7 шілдеде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина алғаш рет Уимблдон турнирінің финалына шығып, жеңіске жетті.
Кейін спортшыны бұл жеңісімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та құттықтады.