Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік және электрмобильдерге арналған инфрақұрылымды дамытуға қатысты заңға және Құқық бұзушылықтар туралы кодекске өзгеріс енгізетін заңға қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және электрмобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген ресми хабарламада.
Бұған қоса Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына да қол қойғаны хабарланды.