22 қар, 2016 сағат 12:39

Электр энергиясын тұтынушылардың шығындары 2020 жылға қарай азаяды

"Электр желілік компанияларын кеңейту мәселесін ҚР Үкіметінің отырысында ұсынылған «Электр энергиясы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы реттейді. Бұл туралы ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев өз баяндамасында сөз етті", - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz порталына сілтеме жасап.

Заң жобасында электр таратушы ұйымдарға 2018 жылдан бастап 2022 жылға дейін кезең-кезеңімен енгізілетін талаптар қарастырылуда.

Энергетика министрінің айтуынша, сайып келгенде 2020 жылға қарай энергия таратушы ұйымдардың саны көп дегенде 120-130-ды құрайтын болады, энергиямен жабдықтау сенімділігі күшейеді, тұтынушылардың электр энергиясын қолданғаны үшін төлемақы шығыны азаяды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірлік электр желілік компанияларды үлкейту міндеті министрдің баяндамасында айтылғандай, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының» 51-қадамында көрсетілген.