04 нау, 2021 сағат 08:57

Электр энергетикасын дамыту институты Дүниежүзілік банктен 100 млн доллар тартпақ

«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Дүниежүзілік банктен 100 млн. АҚШ доллары көлемінде қаражат тартуға ниетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ 500-ге жуық әлеуметтік маңызы бар нысанды жаңғыртуға Дүниежүзілік банктен 100 млн. АҚШ доллары көлемінде қарыз қаражатын тартуға ниетті. 

Бұл бастаманы іске асыру құрылыс кезеңінде 13 000 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етуге, 24 млрд. теңге сомасына жергілікті қамту тауарларын сатып алуға мүмкіндік береді, тиісінше бұл отандық өндірісті дамытуға ақпал етеді», - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, 3 млрд.теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жылдық үнемдеуді және 4,5 млрд. теңге көлемінде бюджетке салық түсімін алу көзделуде.