06 там, 2016 сағат 21:46

Елдос Сметов жартылай финалға шықты

"60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Елдос Сметов Рио Олимпиадасында жартылай финалға шықты", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі.

Келесі айналымға шығу үшін өзбек палуанымен белдескен жерлесіміз басым түсті. Алда 60 келі салмақтағы тартысты бәсекеде Елдос ел намысын қорғауды жалғастырмақ.

Естеріңізге сала кетейік, өзбек палуанын жерлесіміз Ташкентте өткен Азия чемпионатында да қапы қалдырған болатын.

"Ұлт порталы"