06 там, 2016 сағат 23:48

Алтынға бергісіз күміс

"Рио Олимпиадасында дзюдодан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Елдос Сметов күміс медальға ие болды", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі.

Финалда ол ресейлік дзюдошы Беслан Мудрановтан жеңілді.

Біздің балуан жартылай финалда әзербайжандық Орхан Ильхамоғлы Сафаровті вазари әдісімен ұтқан болатын. 

Еске сала кетейік, Елдос жартылай финалға дейін алдымен Ливиядан келген Элкабиса Мохамед Эльхадиды жеңді. Одан кейін британдық балуан Эшли Маккензиді қапы қалдырды. Сосын өзіне жақсы таныс өзбек дзюдошысы Диорбек Уразбаевты ұтып, жартылай финалға шыққан болатын.

"Ұлт порталы"