Бүгін, 25 мамырда Қытайда Хух-Хото қаласында дзюдодан Гран-при турнирі басталды, деп хабарлайды sports.kz.
Жарыста ерлер арасында 60 келі салмақ санатында Елдос Сметов топ жарды. Сондай-ақ осы салмақта тағы бір қазақстандық - Ғұсман Қырғыбаев «күміс» еншіледі.
Гран-при турнирі. Хух-Хото (Қытай), 25 мамыр. Ерлер.
- 60 келі 1. Елдос Сметов (Қазақстан)2. Құсман Қырғызбаев (Қазақстан) 3. Амартувшин Дашдаваа (Моңғолия) 3. Альберт Огузов (Ресей).Хух-Хотодағы Гран-при кезеңі 27 мамырда аяқталады.
Еске сала кетсек, бұл бәсекеге Қазақстаннан 13 дзюдошы қатысуда.