Дзюдодан Қазақстан құрамасы әлемдік Masters додасына қатысады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, айтулы жарыс 11-13 қаңтарда Дохада (Катар) өтеді.
Masters турниріне ТОП-36-ға енген спортшылар шақырылды.
Қазақстаннан жеті дзюдошы ел намысын қорғайды:
Елдос Сметов (60 кг)
Ғұсман Қырғызбаев (60 кг)
Елдос Жұмақанов (66 кг)
Ерлан Серікжанов (66 кг)
Жансай Смағұлов (73 кг)
Дидар Хамза (81 кг)
Ислам Бозбаев (90 кг).
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақтауда дзюдодан Қазақстан чемпионаты мәреге жеткенін жазған болатынбыз.