05 сәу, 2019 сағат 18:51

Елдос Сметов Анталья Гран-приінде алтын алды

Қазақстандық Елдос Сметов Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің алтын медалін иеленді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстандық спортшы 60 кг салмақта финалда өзбекстандық Кемран Нуриллаевпен белдесті. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Е.Сметовтің жас қарсыласына қарағанда, тәжірибесі мол еді. Белдесу барысында оңтайлы әдіс  қолданған Е.Сметов вазари ұпайын алып үлгерді. Содан кейін көп ұзамай таза жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елдос Сметов бастаған дзюдошылардың Гран-при турниріне қатысатынын, Отгонцэцэг Галбадрахтың финалға жолдама алып, күміс жүлдегер атанғанын жазған болатынбыз.

Елдос Сметов – 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында 60 келіде алтын жүлдеге ие болған. 2015 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен. Рио олимпиадасының күміс жүлдегері.

Галбадрах Отгонцэцэг Қазақстанға Моңғолиядан келген. Рио олимпиадасының қола жүлдегері. 2017 және 2018 жылғы әлем чемпионатында, 2018 жылғы Азия ойындарында қола алған.