Қазақстан коммунистік халық партиясының (ҚКХП) өкілдері ел халқын толғандыратын өткір де өзекті әлеуметтік проблемалардың ТОП-5-гін құрады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" партияның ресми сайтына сілтеме жасап.
Сайттағы мәліметтерге қарағанда, талдау үшін ҚКХП-ның қоғамдық қабылдауларына және «Шапағат» халықтық жобасына осы жылдың бес айында келіп түскен азаматтардың өтініштері негіз болды. Бұл ретте, осы уақыт ішіндегі өтініштер саны өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсті.
Пандемия кезеңінде табысынан айырылуына байланысты несиелердің мерзімін өткізіп алу және төлемеу қазақстандықтар үшін №1 проблемаға айналды. Екінші орында «тұрғын үй мәселесі» тұр. Бұл «сақалды құрылыстардың», ескі және апаттық жағдайдағы тұрғын үйлердің, сондай-ақ банктік мөлшерлеменің жоғары болуына байланысты тұрғын үйді ипотекаға сатып алу мүмкіндігінің төмендігі туралы мәселелер.
Проблемалардың «үздік» үштігіне ТҮКШ тарифтерін көтеру де кіріп отыр. Сонымен қатар егде жастағы қазақстандықтар зейнетақы жасы мен шағын зейнетақының өсуіне шағымдануда. Ал жастар оқшаулану кезеңінде шиеленіскен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өсуінен зардап шегуде.
«Партияның қоғамдық қабылдауларына адамдар көбінесе заң көмегін алуға жүгінеді. Мәселен, мемлекеттік органдар тарапынан бюрократиялық кедергілерге тап болады. Осындай өтініш берушілермен біздің заңгерлер жұмыс істейді. Олар әрбір мәселеге ерекше көңіл бөледі, ал кейіннен шешімдердің орындалуына бақылау жүргізеді. Азық-түлік және моральдық қолдау «Шапағат» халықтық жобасы арқылы жүзеге асырылады. Ол тұрмысы төмен, әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған отбасылар мен өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған. Ағымдағы кезеңде партия тарапынан республика бойынша 19 000 (он тоғыз мың) адам қамтылды…», – дейді ҚКХП сарапшылары.