Қазақстанда үшінші тәулік қатарынан мыңнан аса COVID-19 жұқтыру дерегі тіркеліп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Кейінгі тәулікте Қазақстанда 1011 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталғаны белгілі болды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 157
Алматы қаласы - 342
Шымкент қаласы - 21
Ақмола облысы - 61
Ақтөбе облысы - 18
Алматы облысы - 92
Атырау облысы - 41
Шығыс Қазақстан облысы - 20
Жамбыл облысы - 20
Батыс Қазақстан облысы - 32
Қарағанды облысы - 84
Қостанай облысы - 49
Қызылорда облысы - 2
Павлодар облысы - 46
Солтүстік Қазақстан облысы - 17
Түркістан облысы - 9
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 224 731.
Кейінгі тәулікте аурудан 683 адам емделіп шықты.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 106
Алматы қаласы - 143
Шымкент қаласы - 2
Ақмола облысы - 66
Алматы облысы - 109
Атырау облысы - 38
Шығыс Қазақстан облысы - 16
Батыс Қазақстан облысы - 41
Қарағанды облысы - 57
Қостанай облысы - 14
Қызылорда облысы - 9
Павлодар облысы - 36
Солтүстік Қазақстан облысы - 38
Түркістан облысы - 8
Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 206 832.
Сонымен қатар, 2021 жылғы 15 наурыздағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды.
"13.03.2021 ж. коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 9 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 174 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49 810, 655 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 45069-ға жетті", - делінген COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК хабарламасында.
Сондай-ақ, 15 наурыздағы мәлімет бойынша, 19 129 адам короновирус инфекциясынан (15 043 КВИ+ және 4 086 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 5 285 пациент - стационарда, 13 844 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 231 адамның жағдайы ауыр;
• 51 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.