#
#
Бейсенбі 24/09/2020

Елде ет пен нан қымбаттауы мүмкін - Досаев

  • 13.12.2019
  • 0
  • 1518

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша банк саласының жай-күйі туралы Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев баяндады.  

Е. Досаев атап өткендей, Ұлттық Банк а.ж. 9 желтоқсанда базалық ставканы +/- 1 п.т. дәлізімен 9,25% деңгейінде сақтады. Ұлттық Банктің бағалауынша, базалық ставка деңгейі 2019-2020 жылдары инфляция бойынша 4-6%-дық мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Биыл қарашада жылдық инфляция біздің күткенімізден төмен қалыптасып, 5,4% болды. Көп үлесті азық-түлік тауарлары қосуда, олар бір жылда 9,7%-ға қымбаттады. Нан-тоқаш өнімдері мен жарма бағасының 15,5%-ға, ет және ет өнімдерінің 13,4%-ға, балық пен теңіз өнімдерінің 12,2%-ға өсуі ерекше байқалады», — деді Ұлттық банк төрағасы.

ҰБ төрағасының айтуынша, халық кірісінің ұлғаюы аясында ішкі сұраныстағы өсім мен фискалдық ынталандырудың сақталуы – инфляция өсімінің негізгі тәуекелдері болып отыр.

«Қысқа мерзімді кезеңде азық-түліктің кейбір түрлері, атап айтқанда, дәнді-дақылдардың, сондай-ақ ЕАЭО шеңберінде жаңа талаптардың енгізілуі аясында сүт өнімінің қымбаттауына байланысты ет пен нан қымбаттауы мүмкін» деді ол.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі көбіне бензин бағасының 4,5%-ға төмендеуі есебінен өткен жылғы желтоқсандағы 6,4%-дан, биылғы жылғы қарашада 4,8%-ға дейін баяулауын жалғастыруда. Ақылы қызметтер тарифтері жылдық көрсеткіш бойынша сәл ғана - 0,6%-ға өсті. Осы жылдың соңына дейін инфляция деңгейі 5,5-5,7% болады деп бағаланады.

Теңгенің биржалық бағамы а.ж. 12 желтоқсанда 1 доллар үшін 384,63 теңге болып, жыл басынан бері 0,1%-ға әлсіреді. Сыртқы сектордағы қолайлы үрдістердің арқасында валюта нарығындағы ахуал а.ж. қарашада–желтоқсанның басында тұрақты болды. Мұнай бағасы әлемдік нарықта қарашаның басынан бері 5,8%-ға өсті.

Экспорттаушылардың «салық аптасы» кезеңінде шетел валютасын ұсынуының ұлғаюы а.ж. қарашада елдің валюта нарығына әсер еткен маңызды ішкі фактор болды.

А.ж. 1 желтоқсанда алдын ала деректер бойынша, Ұлттық Банктің алтын валюта резервтері $28,7 млрд болды. Алтын портфелі құнының азаюы және банктердің Ұлттық Банктегі шоттарынан шетел валютасының ағымы нәтижесінде алтынвалюта резервтері биыл қарашада 2,9%-ға немесе $842 млн-ға төмендеді. Алайда бұл төмендеу Үкіметтің есепшотына валютаның түсуімен ішінара өтелді.

Ұлттық қордың активтері $60,5 млрд құрап, аж. қарашада 0,9%-ға ұлғайды.

Салымдардың көлемі қазанның соңында 18,8 трлн теңге болып, жыл басынан бері 1,2%-ға ұлғайды.

Шетел валютасындағы салымдарды теңгемен салымдарға ауыстыру жалғасуда. Биыл 10 айда ұлттық валютамен салымдар 8,5%-ға өсті. Валюталық депозиттер 6,5%-ға төмендеді. Нәтижесінде, депозиттердің долларлану деңгейі жыл басындағы 48,4%-дан а.ж. қазан айының қорытындысы бойынша 44,7%-ға дейін төмендеді.

Сыйақының ең жоғары ставкалары қазіргі кезде мерзімсіз салымдар бойынша 9,8%-ды, мерзімді салымдар бойынша 12%-ды құрады, ал жинақ салымдары бойынша 14,6%-ға жетті.

Жыл басынан бері жалпы кредиттік портфель а.ж. қазан айының соңында 3,1%-ға 13,5 трлн теңгеге дейін өсті. Ұзақ мерзімді кредиттер портфелі биылғы 10 айда 3,9%-ға 11,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды, ал қысқа мерзімді кредиттер 1,3%-ға 2,0 трлн теңгеге дейін қысқарды.

Жаңа несиелер беру көлемі а.ж. 10 айда 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 13,2%-ға ұлғайды.

Экономиканың басым салаларын жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасын (600 млрд теңге) іске асыру жалғасуда. А.ж. 6 желтоқсандағы жағдай бойынша банктерге 265,6 млрд теңгеге 434 өтінім келіп түсті, 149,1 млрд теңгеге 268 жоба мақұлданды, 54,8 млрд теңгеге 174 қарыз берілді.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде а.ж. 5 желтоқсандағы жағдай бойынша 11 369 отбасы 130,8 млрд теңгеге қарыз алды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар