24 жел, 2024 сағат 17:31

Елде АЭС-ті кім салатыны 2025 жылдың бірінші жартысында белгілі болады


Фото: Midjourney

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда атом электр стансасын (АЭС) салатын консорциумға қатысушылар 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында анықталатынын айтты, деп хабарлайды Ult.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

– Бастапқыда келесі жылы АЭС құрылысына қатысушыларды анықтаудың соңғы форматы туралы шешім қабылданады деп жоспарланған. Президенттің соңғы тапсырмасына сәйкес, комиссия бұл жұмысты жеделдетіп, жақын арада тиісті шешім қабылдайтын болады. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында қатысушыларды таңдау бойынша шешім шығады, – деді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Министр атом электр станциясын салу өте ұзақ процесс екенін атап өтті.

– Жобалау 3 жылға, ал құрылыс 8-14 жылға дейін созылады,– деді ол.

Бұған дейін Президент Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысын жеделдетудің маңызын атап өткен болатын.