Жақында Елбасы Н.Назарбаев конституциялық реформаға байланысты мәселе көтерді. Артынша халыққа арнайы жолдау жасап, Қазақстанның жаңа бағыттарын айқындады. Осыған орай «Ақпараттық-талдау орталығының» директоры, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің Қазақстан тарихы, саясаттану және әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы, саяси ғылымдарының кандидаты Сәулетбек Сахиевті сөзге тартқан едік.
- Елбасы мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді бөлу туралы үндеу жариялады. Конституциялық реформа қоғамды демократияландырудың бір қадамы ма?
- Иә, бұл реформа - қоғамды демократияландырудың бір қадамы. Себебі, билік тармақтары арасындағы Президент өкілеттіліктерінің бөлінісі, әсіресе парламентке үлкен жауапкершілік беру бұл ел дамуындағы ерекше қадамдардың бірі. Елбасы өз Үндеуінде 40 жуық өкілеттіліктің билік тармақтары арасында бөлінуін атап кетіп, оның екі бағыт бойынша жүретініне тоқталды. Мұндай қадамға әрбір ел басқарушы бара бермейді. Жаһандық үдерісте өміршең саяси жүйе қалыптастыру оңай шаруа емес. Халық қалаулыларының мұндай жағдайда жұмыс атқаруы үлкен сенім мен жауапкершілікті талап етеді. Демократиялық қоғамды дамыту ол бірінші кезекте билікке деген сенімнен пайда болады. Сол себепті жаңа өгерістер халық пен билік арасындағы алтын көпірді нығайта түседі деген ойдамын.
- "Өсімнің жаңа моделіне көшу тәсілі әр жерде әр түрлі екеніне сенімдімін. Біз өзіміздің мықты тұстарымызды пайдаланып, Тәуелсіздігіміздің 25 жылында бірге қалыптастырған әлеуетімізді жоғалтып алмауымыз керек", - дейді президент. Биылғы жолдауға арқау болған "Қазақстанның Үшінші жаңғыруынан" не күтеміз? Бұл жаңғыру - мемлекеттің қалыпты әрі жедел дамуына қаншалықты серпін бермек?
- Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» биылға Жолдау бүкіл қазақстандықтарға үлкен ой тастады. Бес басымдықтан құралған бұл жолдау өмірдің негізгі болып саналатын салаларына басымдық берліген. Жолдауда ел дамуындағы жаңа технологиялардың орны ерекше екеніне тоқталып өтті. Біз білетін электронды үкімен, интернет банкинг және т.б. өмірімізге енген жаңа бағдарламалар мен технологиялар өмірімізді жеңілдетіп, өзгертекні белгілі. Алайда, бұл күнделікті өмірде тұтынатын қызметтеріміз, ал өндірісте ше? Дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін біздің барлық салаларымыз сол елдермен деңгейлес болуы қажет. Сол себепті, өндірісте жаңа технологияларды қолдану, өндірісті толық автоматтандыру және жасанды интелект мәселесі ол өмір талабы. Біз жаңашылдықтан қорыппауымыз керек, керісінше оларды меңгеріп, елдің дамуына қолдануымыз қажет. Осы ретте «Электрнонды Қазақстан» атты үлкен жоба іске қосылмақшы. Осы ретте интелектуалды қоғамды қалыптастыру мақсатында IT технологияларды меңгеру қазіргі таңда үлкен рол атқаруда.
Сұхбаттасқан: Ұлт порталы