Сәтпаев қаласы Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Амангелді Қайратұлы Елбасының тез айығып кетуіне тілектестік білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Елді аямаған вирус Елбасыға да келіпті! Күман мен күдігі басым көпшілік енді сақтық шараларына шындап кіріскені жөн-ау! Әрине, ауыру айтып келмейді. Сондықтан сақтанып жүрген қай-қайсымыз үшін болмасын қайырлы болмақ! Әлбетте, қанша сақтанса да, қыруар шаруа атқарып, күніне қаншама адаммен кездесіп, еңбек етіп жүрген Елбасын тәжтажал айналып өтпепті! Алла шипасын берсін дегім келеді! 30 жыл ел басқырып еңбек еткен Елбасының еркін болып, өзі қалаған елдің қуанышты, шаттықты кездерін көріп отыратын күндері әлі алда деп білемін! Дертінен тез айығып кетуіне тілектеспін!!!» деп жазды Амангелді Қайратұлы.