14 қар, 2018 сағат 16:09

Елбасы Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланды

Елбасы Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

***

Жастар жылын жариялау туралы

Жастарды кешенді қолдау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2019 жыл Жастар жылы деп жариялансын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жастар жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

               Президенті                                                                               Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 13 қараша

              № 784