16 ақп, 2023 сағат 11:27

Елбасы туралы заң күшін жойғаннан кейін Назарбаевтың сайты атауын өзгертті


Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты Elbasy.kz домендік атауын Nazarbayev.kz деп өзгертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.

Енді мекенжай жолағына Elbasy.kz деп терсе, пайдаланушы автоматты түрде Nazarbayev.kz сайтына бағытталады.

Сайт та өзгерген. Бұрын "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты" деп жазылса, енді одан "Елбасы" сөзі алып тасталған.

Еске салайық, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойған болатын.