Нұрсұлтан Назарбаев Саяси кеңестің кеңейтілген отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы партияның twitter-дегі парақшасынан мәлім болды.
«Nur Otan» партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаев 21 тамыз күні Үкіметтің, партияның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының және өңір басшыларының қатысуымен өтетін партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойды», - деп жазды партия өкілдері.