18 там, 2020 сағат 14:20

Елбасы партияластарын праймеризге қатысуға шақырды

Билік партиясын қайта жандандыру нәтижесі бүкіл елде ауқымды праймериз жүргізу болады. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бұл алғаш рет өтіп жатыр. Бұл - партияішілік сайлау. Бұл - шынайы әлеуметтік лифті, бәсекелестік іріктеуі, жаңа идеялар мен жобалар іздеу», - деді Елбасы. 

ҚР Тұңғыш Президенті барлық партияластарын праймеризге қатысуға шақырды. 

«Барлық партияластарды, «Nur Otan» жақтастарын еліміз үшін осынау маңызды саяси оқиғаға барынша белсенді қатысуға шақырамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.