13 жел, 2016 сағат 15:21

Елбасы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

- Елбасы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау» Заңына жария түрде қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев рақымшылық жасау мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған мейірімділік ықтиярлығы болып саналатындығын атап өтті.

- Біздің отандастарымызға арналған мейірімділік, үміт пен кешірім актісі қоғамды жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл рақымшылық әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарды - кәмелетке толмағандарды, жүкті әйелдер мен балалары бар әйелдерді, мүгедектерді, қарт кісілерді қамтиды, - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Тәуелсіздік жылдарында елімізде 8 рет рақымшылық жарияланған.