#
#
Сейсенбі 11/08/2020

Елбасы Халықаралық Түркі академиясын 10 жылдығымен құттықтады

  • 25.05.2020
  • 0
  • 454

Түркі интеграциясының архитекторы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Түркі академиясы ұжымын 10 жылдық мерейтойымен құттықтап, хат жолдады, деп хабарлайды аталған ұйымның ресми сайты.

«Сіздерді Халықаралық Түркі академиясының құрылғанына 10 жыл толуымен құттықтаймын! Академия осы мерзім ішінде бауырлас елдердің тарихы мен тілін, мәдениеті мен әдебиетін зерттеп-зерделейтін іргелі ғылыми орталыққа, беделді халықаралық ұйымға айналды. Мақсатты жұмыстар жүргізудің нәтижесінде ортақ оқулықтар әзірленіп, әлемнің бірқатар тілдерінде кітаптар жарияланды. Біріккен Ұлттар Ұйымыннда және ЮНЕСКО-да Ұлы Даланың тарихы мен тұлғалары жөнінде көптеген халықаралық жиындар өткізілді» делінген құттықтау хатта.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев ұйымның елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатқан игілікті шарларды туыстас халықтарға таныстыру орайында да бірқатар жұмыстар атқарғанын атап өткен. Одан бөлек, «ғылыми ықпалдастық негізінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары тарихымызды түгендеуге қосылған лайықты үлес» деп бағалаған.

Сөз соңында Тұңғыш Президент академияның қызметі алдағы кезде де жемісті жалғаса беруіне тілектестігін білдірген. 

Айта кету керек, Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей бастамасымен Нахчыван келісімі негізінде 2010 жылы 25 мамырда іргесі қаланған Түркі академиясы бүгінде толыққанды халықаралық ұйымға айналды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар