Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Елбасының "Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын шақыру туралы" Жарлығы:
1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясы 2017 жылғы 26 сәуір күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» күн тәртібімен шақырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.