24 там, 2016 сағат 14:02

Елбасы Италия халқына жер сілкінісіне байланысты көңіл айтты

"Мемлекет басшысы Италия Республикасының Премьер-Министрі Маттео Ренциге жер сілкінісіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады", - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы Апенин түбегінің орталық бөлігіндегі жер сілкінісі салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті достас Италияға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізіп, табиғат апатынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Ұлт порталы