22 нау, 2019 сағат 15:34

Елбасы ғасырлық маңызы бар шешім қабылдады

Күні кеше Елбасы ғасырлық маңызы бар шешім қабылдаған еді. Оған көзіміз куә. Нұрсұлтан Әбішұлы - ел аманатын арқалаған 30 жылда Қазақстанды аграрлы мемлекеттен өнеркәсіптік-сервистік экономикалы мемлекетке айналдырып, еліміздің жаңа саяси-экономикалық жолын қалыптастырған тұлға.

Соның ішінде атап өтеріміз: әуелі, Кеңес үкіметі күйреп бүкіл әлем аңтарылып тұрғанда өз халқын әрі-сәрі күйде қалдырмай, нарыққа бастады, нарықтық жүйе қалыптастырды.

Екінші, Қазақ халқының жасампаздық рухымен арқа төсіне шыт-жаңа Астана салды. Бұл күнде Астана және Назарбаев атаулар егіз ұғымға айналды. Осы тұрғыда Елбасының қолтаңбасы ретінде Астана қаласын Нұрсұлтан қаласы деп өзгертетін уақыт жетті.

Үшіншіден, кезінде елімізге келіп пана тапқан түрлі диаспоралар көтеріле көшкенде әлемдегі тарыдай шашылған қандастарымызды Отан құшағына шақырды. Әр елден, әр жерден келген қандастарымызды нарықтық қиыншылықтарға қарамай, қазақ қоғамына сіңіп кетуінің жүйесін қалыптастырды.

Осы үш жұмысының өзі еліміз тарихында алтын әріптермен жазылады, әрі Джорд Вашингтон, Мұстафа Кемал Ататүрік, Ли Куан Ю сияқты ұлт көшбасшысы болып қалады.

Омарәлі Әділбекұлы,

Жебеу ҚБ төрағасы, ғалым.