Мемлекет басшысы Абу Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында саясат, сауда-экономика, көлік-транзит, инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту және одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян мемлекетаралық өзара қарым-қатынастың қарқынды дамуы біздің халықтарымыздың берік достық байланысының кепілі екенін атап өтті.
Бұдан бөлек, тараптар өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің мейлінше өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.