06 жел, 2021 сағат 11:58

Ел тұрғындарынан тіркелмеген 428 қару тәркіленді


Ел тұрғындарынан тіркелмеген 428 қару тәркіленді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның атап өтуінше, еліміздің аумағында 3 ай бойы жүргізілген «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында тұрғылықты жері бойынша 200 мыңнан астам азаматтық қару иесі тексерілді. 3 мыңға жуық атыс қаруын сақтау ережесін бұзу анықталды. Айналымнан тіркелмеген 428 қару тәркіленді. 

«Операция басталғаннан бері полиция қызметкерлері 500 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың, оның ішінде 8 мыңнан астам ұсақ бұзақылықтың жолы кесті. Сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық саладағы 11 мыңнан астам құқық бұзушылықтың және көші-қон заңнамасына қатысты 82 мыңнан астам заң бұзушылықтың алдын алды»,- деді Нұрділдә Ораз ІІМ баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.