12 сәу, 2021 сағат 10:50

Экспортқа бағытталған газ көлемі толық орындалды – Нұрлан Ноғаев

13,9 млрд текше метр көлемінде газ өндіріліп, жоспар 100 пайызға орындалды.

Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша отын-энергетика кешенін талқылау кезінде ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Көрсетілген кезеңде 13,9 млрд текше метр көлемінде газ өндірілді, жоспар 100 пайызға орындалды. Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 6,6 млрд текше метрге жетті, осы көрсеткіш биылғы жылғы қаңтар-наурыз айларының жоспарына 111,3 пайызға орындалды», - деді министр. 

Оның айтуынша, сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 817 мың тоннаны құрады, бұл есепті кезеңнің жоспарымен салыстырғанда 100% тең. 

«Экспортқа шығарылған газ көлемі 2,1 млрд текше метрді құрады, жоспарымен 105,4 пайызға орындалды», - деді Нұрлан Ноғаев.