25 қыр, 2017 сағат 11:10

Әлем елдері басшылары мен саясаткерлері «EXPO 2017» көрмесі жайлы не дейді?

«EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізетін ел мәртебесі Қазақстанның елордасы - Астана қаласына бұйырғандығы 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында өткен ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті Астана қаласына дауыс берсе, біздің бәсекелесіміз бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинаған-тын. Біздің елдің ұйымдастырушыларының тарапынан ұсынылған Future Energy, яғни Болашақ қуаты тақырыбы сарапшылардың көпшілігінің көңілінен шығып, «EXPO-2017» халықаралық көрмесінің тақырыбы ретінде қолдау тапқан еді. 

Қазақстан тарапынан барған ұйымдастырушылар Астанада өткізілетін «EXPO-2017» көрмесінінің басты тақырыбы ретінде «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпты ұсыну себебі, ол ең алдымен, баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталғандығы болып табылады. Екіншіден, орнықты энергиямен жабдықтау осы күнде жаһандық көлемдегі негізгі мәселе болып саналады және оны шешу экономикалық өсімді қамтамасыз ету және қоршаған ортаға келер зиянды төмендетуге септігін тигізеді. Үшіншіден, Қазақстанның бұл тақырыпты таңдауының басты негізі — еліміздің дәстүрлі энергиялық ресурстардың елеулі қорына ие бола отырып, баламалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі шараларды дәйекті түрде қабылдауда және «жасыл» экономика құру бағытын ұстанғандығы.

«EXPO-2017» — индустрилиазацияның символы. Техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме.

Қазақстанның «EXPO-2017»  дүниежүзілік көрмесін өткізу   құқығына  ие  болуы Қазақстанды    әлем елдеріне  танытудың  жаңа кезеңі ғана емес,   инновациялық  дамудағы   қуатты серпінге  негіз болды.
Ендеше, біз кеше ғана дүркіреп өткен «EXPO-2017» көрмесі жайлы әлем елдері басшылары мен белді саясаткерлерінің пікір-ойларын, олардың осынау Ұлы тойдан алған әсерлері мен орайы келгенде білдірген құттықтау тілек-лебіздерінің бір парасын оқырман назарына ұсынғанды жөн санадық. Қосымша ретінде арнайы жинақталған жазбаша үлгілерінің суреттерін шағын кітапшадағы нұсқада ұсынамыз.

 

Астанадағы “ЭКСПО-2017» аралап үлкен әсер алдым. Осындай ауқымдағы көрме өзекті ақпраттар, оңтайлы тәжіибе, әртүрлі саладағы алдыңғы қатарлы жетістіктермен алмасу үшін ғаламдық алаң ретінде қызмет етеді, сондай-ақ бүгін халықаралық ынтымақастықты дамыту мен жалпыға ортақ бейбітшілікті нығайту үшін тамаша мүмкіндік туып отырғаны өте маңызды.

“ЭКСПО-2017» ұйымдастырушыларға белсенді және табысты жұмыс, барлық қонақтарға жарқын, ұмытылмас әсерлер, жемісті байланыстар мен өзара түсіністік тілеймін.

12.06.2017

Минниханов Рустам Нургалиевич

Татарстан Республикасының Президенті

 

Қазақстанда ЭКСПО көрмесінің ашылуымен құттықтаймын! Сіздер тамаша жұмыстар жасадыңыздар және осындай ауқымы зор оқиғаға қатысу Люксенбург үшін құрмет!

Үлкен рахмет және табыстар тілеймін!

11 маусым, 2017

Этьен Шнайдер

Люксембургтың Вице-премьер-министрі

 

Достық пен ынтымақтастықтың белгісі ретінде және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне орай достық Қазақстанға барлық жақсы тілектерімді және қазақ халқына аман-саулық тілеймін.

Усмонзода. У.

(Тәжікстан Республикасының Энергетика және су ресурстарының министрі)

12.06.2017


Болашақ энергиясына арналған ЭКСПО-2017 көрмесі мен үшін әсерлі және ауқымы зор оқиғаның бір бөлігі болып табылады. Осында ұсынылған инновациялар Қазақстанға және одан тысқары жерлерге игліктер алып келетініне мен сенемін. ЭКСПО 2017 қол жетімді, сенімді, жаңартылған энергияяны ұсына отырып, әлемнің барынша тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуіне өзінің үлесін қосатынына сенемін. «Нұр Әлем» - осы мәселелердің дәлелі. Біріккен Ұлттар Ұйымы атынан ЭКСПО -2017 қатысушылар ретінде Қазақстанға тұрақты даму және Күн тәртібі 2030 саласындағы шын ықыласты қолдауы үшін  Қазақстанға алғысымызды білдіреміз. Жетістіктеріңізбен құттықтаймын!

12 маусым 2017

Джихан Султаноглу

БҰҰ Бас Хатшысының көмекшісі

ЭКСПО 2017 БҰҰ бас комиссары

 

Астана, 2017 жыл 14 маусым

Қазақстан Республикасы мен ЕХРО-2017 қонақтарына арналады

Бүгінгі ұлттық күні барысында өз елімді - Австрия Республикасына  өкіл ету мен үшін үлкен мәртебе және қуаныш. Қазақстан Республикасын «Болашақ энергиясы» атты жаһандық маңызды тақырыбына деген таңғажайып құштарлығымен құттықтауға рұқсат етіңіз. Австрия өз павильонында жаңартылатын энергия көздері, энергия тиімділігі, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму салаларындағы әлемдік көшбасшылықты дәлелдей алғанын мақтан тұтамыз.

Қазақстан Республикасына  ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде табыстарға одан әрі қол жеткізуін тілейміз. Сәттілік тілеймін!

Австрияның ғылым, зерттеу және экономика вице-министрі

Бернадетт Марианна Герлингер

 

Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО) Астана ЭКСПО 2017 ойластырылғандай, Сіздерге ең жарқын болшақ тілейміз.

Рональд Леман

 

ЕҚЫҰ (ОБСЕ)  Астанадағы ЭКСПО 2017 шақыру бойынша қатысатына өте қуанышты. Біз Президент Н.Назарбаевқа, Қазақстан Үкіметіне және ЭКСПО 2017 ұйымдастырушыларға біздің Ұйымның осы оқиғаның бөлігі болуға мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтқымыз келеді.

Аймақта тұрақты энергияны жылжытуға бағытталған Қазақстанның күш-жігері сүйсіндіреді және ерекше мақтауға лайық.

Сіздерді аса ауқымды және өте маңызды оқиғамен құттықтаймыз. Біз көрмеге табыс тілейміз, ол оған лайықты, ЭКСПО болашақ энергиясы саласындағы пәрменді ынтымақтастыққа және нақты іс-қимылға өзінің үлесін қосады деген үміттеміз!

14.06.2017

Вук Жугич

ЕҚЫҰ делегациясының басшысы


Құрметті дос Қазақстан елі!

Болашақтағы инвестицияларда сәттілік және жаңғырмалы энергетика саласында көшбасшы болуды тілеймін!

Геннадий Зубко

15.06.2017

 

Мен Астана ЭКСПО 2017 ашылуында болғаныма өте қуаныштымын. Қазақстанның павильоны ерекше әсер қалдырды.

Сіздің әсерлі елдеріңізде өткенге және болашаққа ұмытылмас сапар шектіргендеріңіз үшін үлкен рахмет. Сіздерге және Сіздің еліңізге барлық жақсылықтарды тілеймін.

Әрдайым Швейцарияға сенім артсаңыздар болады.

Дидье Буркхальтер

Швейцарияның Сыртқы істер министрі


Жоғары мәртебелі Н.Назарбаевтпен бірге ұмытылмайтын  Астана ЭКСПО көрмесін аралады.

Финляндия Республикасының Президенті

 

Таңғаларлық Астана 2017 көрмесі маған өте жағымды әсер қалдырды және 21 маусым – Франция ұлттық күніне орай Астанаға Франция елінің өкілі ретінде келу мен үшін үлкен мақтаныш.

Флоранс МАНЖЭН

Континенттік Еуропа департаментінің директоры

Франция сыртқы және еуропалық істер министрлігі

 

Осынау павильонның тұжырымдамасы мен безендірілуі өте әсерлі – керемет!

Бен ванн Берден

 «Shell» концрнінің бас атқарушы директоры


Жылы қабылдау мен әсерлі экскурия үшін үлкен рахмет. Біз Қазақстанды құшағымызға алдық.  

22 маусым 2017

Антони Верстиг

Гаага, Нидерланды

 

Астана ЭКСПО 2017 рахат сезімге бөлендік! Қонақжайлылыққа, жылы қабылдауға және көрмеге қайран қалдық!

Көп ұзамай қайта келемін деген үміттемін.

Джон Мейер

Нидерланды

   («Bom Group»)

 

Көрменің осы тақырыбын ұйымдастырғаны үшін Астанаға, Қазақстанға рахмет. Тарих өзгерісті кезеңге таяп келеді, алайда адамдардың жаңартылған энергияны ұғынуы мен хабардар болуы біздің планетамыздың тіршілік қабілетін қолдауға мүмкіндік береді.

Т.Ламброк

 

Қазақстанды тамаша ЭКСПО-мен құттықтаймын! Теңдесі жоқ! Бұл көрме Қазақстан мен Нидерланды арасындағы қарым-қатынаста бұрынғыдан да зоо «болашақ энергиясын» іске қосады.

22 маусым 2017

Хенк Камп

Экономика министрі

 

24 маусым 2017 ж.

 

Біз ЭКСПО 2017 зерделедік және көзбен көріп таң қалдық және мән-мәнісін ұғындық. Қазақстан алға ұмтылып дамып жатқанын көрдік. Біздер әсіресе технология саласындағы арамыздағы әріптестік қатынастардың дамуына мүдделіміз. Рахмет!

Осман Салех

Эритреи Сыртқы істер министрі

Астана, 28 маусым 2017

 

Астана Экспо көрмесін құттықтаймын, сондай-ақ Корея мен Қазақстан арасындағы қатынастарға гүлдену мен даму тілеймін.

19.07.1017

Кореяның Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрі

Ким Ёнг Сам

 

Қазақстан ұйымдастырған  ЭКСПО 2017 болашақ энергиясына және оның тәсілдеріне назар аудартады, халықтар болашақ үшін күш-жігерін біріктіріп, энергияның баламалы көздерін зерттеуі қажет. Әлемде барынша таза және салауатты қоршаған ортаны қамтамасыз ету үшін, дәстүрлі энергия өзге де ресурстармен аламасырылуға тиісті. Бұл бірегей салауатты, экологиялық таза әлем үшін жұмылған күш-жігерді бағыттауға талпыныс. Біз ЭКСПО-2017 табыстар тілейміз.

Рахмет.

Генерал Бипин Рават

Үндістан армиясы

1 тамыз 2017

 

Беларуссиядан келген қонақтар Астанадағы көрме кешенінің ауқымдылығына және инновациялығына қайран қалып отыр.

Аталған кешен астанаға келушілер мен қонақтарының сұранысына ие болады.

Құрметпен және игі ниетпен Белорустар.

08.08.2017 ж.

БР Вице-премьері


БОЛИВИЯ:

Аймара халқының қағидаты:

Барлығымыз бірге болайық,

Ешкімді артта қалдырмайық.

Барлығында оған қажетті заты болсын,

және қажеттіліктің туындауына жол берілмесін!

 

ALLALLA (кечуа тілінде бұл сөйлеген сөздеріміздің барлығы біздің еңбегіміз бен күш-жігеріміздің арқасында орындалады немесе орындалмайды, ал егер біз жұмыс істейтін болсақ, онда бүкіл ғалам мақсатымызға жетуге көмектеседі дегенді білдіреді).

Фернандо Уанакуни Мамани

2017 жыл 17 тамыз

 

Аса зәулім!!! Адам қызығарлық, креативті, танымдылығы жоғары! Келіңіздер берге жалғастырайық. “Экспо-2017” ұжымына гүлдену, сәттілік, табыстар және денсаулық тілеймін!

Құрмептпен, Санкт-Петербургтің вице-губернаторы

 Мовчан Сергей Николаевич

 

Өте әсерлі!

Генерал Танасак Патимапрагорн

Премьер-министрдің орынбасары, Таиланд

Маршал Пражин Джунтонг

Премьер-министрдің орынбасары, Таиланд

12 тамыз 2017

 

Көргенім мені әсерге бөледі! «ЭКСПО-2017» көрмесінде ЕАЭО мемлекеттері мен әлемнің өзге де көптеген елдері өздерінің технологиялық және ғылыми мектептерінің күш-қуатын көрсетеді, өздерінің жетістіктерін және инновациялық әзірлемелерін көрсетеді.

«ЭКСПО-2017» ұйымдастырушыларына жинақтаған тәжірибені сақтауды тілеймін. Бірегей сәлеттік кешен технология мен инновация орталығы ретінде өз өмірін жалғастыра берсін.

Құрметпен, ЕЭК Коллении төрағасы

 

Аса зәулім! Қазақстан біздің көршіміз және үлкен досымыз!

Тамаша павильон, бірегей экспозиция. Біздің көрші ағайындар үшін қуаныштымын. Рахмет!

                 Орынбор обл. губернаторы              

Берг Юрий Александрович

23.08.2017                

 

ЭКСПО-2017-ны таңданыпен тастап барамыын.

Барлығы керемет!

Қазақстан сенімді алға басып келеді!

Көрме құрылысшыларына осындай тамашаны, кеңдікті көруге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын.

Қазақстан халқына бейбітшілік пен білімпаздық тілеймін.

ОДКБ Бас хатшысы

Ю. Хачатуров

24.08.2017 ж.

 

28 тамыз 2017

Президент Трамптың және оның әкімшілігі атынан Сіздерді АҚШ президенттік делегациясын Қазақстанда қабылдағандарыңыз үшін алғыс айтамыз.

Мы получили удовольствие от выставки Біз ЭКСПО 2017 көрмесінен рахат сезімге бөлендік әсіресе Қазақстанның ұлттық павильоны ерекше әсерге бөледі. Осы сапар барысындағы қонақжайлылық пен ықыласты қабылдауларыңыз үшін Сіздерге ризамыз. Энергия болашақтікі және біз өзара жемісті әріптестіктің одан әрі жалғасатынына үміттеміз.

Құрметпен,

АҚШ Энергетика министрінің орынбасары

Дэн Бруйетт

 

Грузия!

Бұл үлкен табыс және керемет болашақ!! Бұл адамазаттың дамуының үлкен болашағы. Құттықтаймын.

Грузия Жоғары соты. Н. Гвенетадзе

 

Астана болып, Қазақстанның жетістігі мен дамуын көру мен үшін үлкен бір ғанибет. Сербия мен Қазақстанның мақтан тұтып, болашаққа сеніммен қарауға себептері бар. Тәуелсіз халықтардың достастығы мәңгілік болсын!

Александр Булин

Сербия Қорғаныс министрі

 

Тамаша көрме! Қазақстан Республикасының Президенті мен халқын құттықтаймын!

Исмаил Омар Гелле

Джибути  Республикасының Президенті.

 

«Нұр Әлем» павильоны экспозициясымен қызыға отырып таныстым.

Қазақстан Республикасы біздің планетамызда болашақ ұрпақтың өмірін үйлесімді етуге арналған, аса жаңа технологияларды ұсынып отыр.

Шын жүректен шыққан тілекпен!

6.09.2017                  

«Транснефть» ӨАҚ Президенті

Н. П. Токарев

 

Сіз өздеріңіздің ең қызықты және футуристік көзқарасыңызды жүеге асыра білдіңіз!

Құттықтаймын!

Юсуф Калла

Индонезия Вице-президенті


Бүгін 09.09.2017 ж. ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Қазақстан павильонын тамашалап өттім. Біздің Ұлттық білім министрлігі мен Сауд Арабиясындағы Комор аралдарының елшісінен құрылған делегациямыз Павильонның құрылысы таңқалдырды және өте қуантты. Біз осындай бастамаларды қуана қарсы аламыз.

Комор аралдары одағының Үкіметі атынан мен барлық ұйымдастырушыларға және Қазақстан Үкіметіне жылы қабылдағаны үшін алғысымды білдіремін.

Рахмет!

   Абдулла Саид Саруира