Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Мәжіліс кулуарында бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге қатысты іс қозғау жөнінде пікір білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Журналистер ІІМ басшысынан Ильинге қатысты жеке іс немесе тексеріс жүргізіле ме деп сұрады.
"Президент Бас прокурорға тапсырма берді. Соған сәйкес тексеру жүргізілетін болады. Өрт фактісі – бұл төтенше жағдай, адамдар қаза тапты, сондықтан қылмыстық іс аясында тексеріс болады. Неліктен уақытылы шаралар қабылдамады? Мүмкін, немқұрайдылық танытқан болар, қызметтік міндеттерін орындамаған шығар. Осының барлығы қылмыстық іс аясында тексеріледі", - деді Ахметжанов Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген жауабында.
Ол сондай-ақ өрттің ықтимал себептеріне тоқталып, қазіргі уақытта түрлі нұсқалар қаралып жатқанын атап өтті.
"Тергеу жүріп жатыр, әдейі өртеу нұсқасы бар. Іс арнайы прокурорлардың жүргізуіне қабылданды. Осы топта ІІМ қызметкерлері де бар, енді тергеуді көрейік.
Қасақана өрт қою, абайсыздық, найзағай түсу деген нұсқалар бар. Сараптама және іздестіру шаралары жүргізіледі. Тергеуге екі ай уақыт берілді", - деді министр.