09 қаз, 2017 сағат 14:56

Экономика бойынша Нобель сыйлығы берілді

2017 жылғы Альфред Нобель атындағы Швеция мемлекеттік банкінің сыйлығы экономика саласындағы зерттеулерге берілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Экономика саласы бойынша Нобель сыйлығы америкалық Ричард Талерге экономиканы зерттеуге үлес қосқаны үшін табыс етілді, деп мәлім етті Корольдік ғылым академиясының Нобель комитеті.

Талер 72 жаста, ол қазір АҚШ-та тұрады, Чикаго университетінің оқытушысы. Сыйлық 1968 жылы Швеция мемлекеттік банкіне 300 жыл толуына орай тағайындалды. Банк жыл сайын Нобель қорына бір Нобель сыйлығының көлеміне тең қаражат аударады.

Өйткені, Альфред Нобель кәсіпкер бола тұра көптеген экономикалық мәселелерді шешкенімен, 1895 жылғы өсиет хатында экономика саласы жайлы айтпаған.