26 қаз, 2020 сағат 17:40

Екінші тоқсаннан бастап 300-ге дейін оқушысы бар мектептер дәстүрлі форматқа ауысады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Комиссия отырысында бірқатар шешім қабылдады.

«Мектептегі оқыту бойынша:

- екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300 балаға дейін болатын қала және ауыл мектептерінің жұмысын дәстүрлі форматқа көшіру; 

- ата-аналардың өтініші бойынша 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілсін», делінген хабарламада.

Бұл жағдайда санитарлық-дезинфекциялық режимді, маска режимін, шахмат ретімен отырғызу және әлеуметтік ара қашықтықты сақтау міндетті.