20 нау, 2023 сағат 00:31

Екінші exit poll нәтижесі шықты


«Демократия институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясы қоғамдық бірлестігі кезектен тыс Мәжіліс сайлауының Еxit poll нәтижесін жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауалнама қорытындысы Qazaqstan телеарнасы өткізіп жатқан онлайн телемарафонда айтылды.

Нәтиже төмендегідей:

1. Amanat партиясы – 53,33%

2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 11,26%

3. Respublica партиясы – 8,33%

4. Қазақстан халық партиясы – 6,93%

5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,51%

6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,87%

7. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,12%.

Бірлестік мәліметінше, сайлаушылардың 54,83 пайызы дауыс беруге келген және оның 3,65 пайызы «Бәріне қарсымын» бағанын таңдаған.

Айта кетейік, еліміздің барлық өңірінде Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау өз мәресіне жетті.

Нақтыланған деректерге сәйкес, сайлаушылар тізіміне 12 млн 35 004 адам енгізілді. Сағат 20:00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 509 695 азаматы бюллетень алған. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 54,09 пайызын құрайды.