Ресейдің Смоленск облысында сүйегі табылған жауынгер Естафий Лескин деректер базасында бүінге дейін із-түссіз жоғалғандар қатарында болған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Майдан жолы» Павлодарлық іздеу жасағына Естафий Ильич Лескиннің туыстарын іздеуге көмек көрсетуді сұрап ресейлік іздеушілер байланысқан. Олардың атасы соңғы деміне дейін шайқасқанын білгенін қаладық», - деді «Майдан жолы» жасағының командирі Александр Шитов.
Оның айтуынша, ресейлік «Гвардия» іздеу жасағының сарбаздары Қызыл армия жауынгерінің сүйегін Ресейдің Смоленск облысының Ельнинск ауданында тапқан. Олар жауынгердің кім екендігін анықтаған. Ол 1911 жылы дүниеге келген Қазақ ССР Шығыс Қазақстан облысының Таврическое ауданы Азовка ауылының тұрғыны Естафий Ильич Лескин болып шығады. Оның жалғыз туысы Евдокия Кондратьевна Князева болған. Марқұм майданға Шығыс Қазақстан облысы Преднегорненск ауданының Преднегорненск комиссариатынан 1939 жылдың 19 қазанында шақырылған.
Соңғы қызмет орны – 106 артиллерия полкінің 273 атқыштар дивизиясы. Шығу күні – 1942 жылдың қаңтары, - деп қосты А. Шитов. Марқұм базада «із-түссіз жоғалған» деп тіркелген.
Жауынгердің туыстары жайлы барлық сұрақ бойынша Александр alex.shitov@mail.ru электронды поштасы және 8777-461-73-78 нөмірі арқылы байланысуды сұрады.