ҚР Ұлттық экономика, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлері өз лауазымдарынан босатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты:
-
Шаймергенов Тимур Төлегенұлы Қазақстан Республикасының қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі қызметінен;
-
Жұмағұлов Айбатыр Нышанбайұлы Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды.
Айта кетсек, Тимур Шаймергенов ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып 2018 жылдың 1 наурызы күні тағайындалған болатын. Ал, Айбатыр Жұмағұлов бұл қызметті 2016 жылдан бері атқарып келген-ді.