18 нау, 2020 сағат 16:58

«Egemen Qazaqstan» ұжымы коронавирусқа қарсы күреске біркүндік жалақысын аударды

«Egemen Qazaqstan» газетінің қызметкерлері коронавирусқа қарсы күреске біркүндік жалақысын аударды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Адамзатты алаңдатып отырған дауасыз дертті анықтап, індетпен күрестің алғы шебінде жүрген дәрігерлер қауымына қолдау көрсетуге шақырған бастамаға «Egemen Qazaqstan» газеті де қосылып отыр. Редакция ұжымы бір күндік еңбекақысын арнайы қорға аударып, ақ халатты абзал жандарға қаржылай көмек көрсету туралы шешім қабылдады. 

Сондай-ақ бүгін Елбасының тапсырмасы бойынша «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жалғыз басты қарттарға, мүгедектер мен тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн теңге бағытталды. Сонымен қатар Тұңғыш Президент Кеңсесінің қызметкерлері коронавирусқа қарсы күреске біркүндік жалақысын аударды.