18 қаң, 2021 сағат 14:23

Egemen Qazaqstan газетіне бас редактор тағайындалды

«Egemen Qazaqstan» газетіне бас редактор тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ғабит Іскендерұлы Мүсіреп Қарақалпақстанның Тақтакөпір ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1992 жылы, яғни V курста «Egemen Qazaqstan» жалпыұлттық республикалық газетінде бастаған. Қазақ баспасөзінің қарашаңырағында тілші, аға тілші, шолушы, бөлім меңгерушісі, одан әрі бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды.

Бұған дейін «Нұр Астана» республикалық жастар апталығының бас редакторы қызметінде болған. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Ғабит Мүсірептің «Рухыңды түсірме, ұлым» (2010 жыл) атты публицистикалық шығармалар жинағы жарық көрген.

Айта кетейік, бұған дейін Басқарма төрағасының орынбасары – бас редактор қызметін атқарып келген Айбын Шағалақ «Egemen Qazaqstan» РГ АҚ Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.