ЕАЭО елдерінің экономикалық белсенділігін арттыру қажет. Бұл туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінде, постпандемиялық кезеңде елдеріміздің экономикалық белсенділігін арттыру жұмыстарын бұрын-соңды болмаған деңгейде күшейтуіміз қажет. Барлық тараптың келісілген күш-жігері ғана мемлекеттеріміздің азаматтарының әл-ауақатын арттыру кілті саналады», - ҚР Премьер-Министр.
Үкімет басшысы Қазақстан ЕАЭО құқықтарында бекітілген негізі құраушы принциптерді жүзеге асыру бойынша жүйелі әрі дәйекті жұмысқа дайын екендігін атап өтті.
«Әдеттегідей өзара түсіністік, сенім мен сындарлы диалог ахуалында өткен бүгінгі кездесудің қорытындысында біз қабылдаған шешімдер интегрциялық бірлестіктің одан ары дамуын қамтамасыз етуге және қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді Әлихан Смайылов.